Шымкентте КамАЗ жүргізушісі 11 көлікті тас-талқан етті
Шымкентте КамАЗ жүргізушісі 11 көлікті тас-талқан етті
120
оқылды

 Otyrar.kz-тің мәлімдеуше, Шымкентте көлігінің тежегіші істен шыққан. Соның салдарынан КамАЗ жүргізушісі 11 темір тұлпарды қағып өтіпті.

Оқиға 4 желтоқсанда сағат 18.30-да Шымкент қаласындағы  Тәуке хан даңғылы мен Шалғынды көшесінің қиылысында  болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, арматура тиелген КамАЗ-дың тежегіштері істен шығып, ол бірнеше көлікті қағып кеткен.
Тізгіннен шыққан үлкен жүк көлігінің астына 11 темір тұлпар түсті.