Нұр-Сұлтан: Бүгін сабақ болмайды
Нұр-Сұлтан: Бүгін сабақ болмайды
554
оқылды

Бүгін қатты аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды.

Білім басқармасының мәліметінше, мектепалды даярлық сыныбынан бастап 9-сыныпқа дейін сабақтар тоқтатылды.

«20 қараша күні ауа райының колайсыздығына байланысты (қатты жел мен көру мүмкіндігінің шектеулігі) қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - деп хабарлады Білім басқармасы.

Синоптиктердің мәліметінше, осы уақытта Нұр-Сұлтанда -27 градус аяз тұр. Айта кетейік, ауа райына байланысты оқу процесінің тоқтатылғаны жөнінде ақпаратты келесі дереккөздерден білуге болады:

1) Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің SMS-хабарламасы;

2) iKOMEK109 қалалық орталығының (109 нөміріне қоңырау соғу, немесе мобильдік қосымша мен чаттарына тіркеліп, хабарлама алу) ақпараты;

3) Қалалық Білім басқармасының ресми сайты.

4) Білім басқармасының Facebook-тегі ресми парақшасы.

5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

6) Smart Astana қосымшасы (мобильдік қосымшасына тіркеліп, хабарлама алу).

Сонымен қатар ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті Darmen мобильдік қосымшасынан білуге болады.