Шымкентте ер адам үшінші қабаттан құлап кеткен
Шымкентте ер адам үшінші қабаттан құлап кеткен
583
оқылды

Шымкентте ер адам көпқабатты үйдің үшінші қабатынан құлап, дүкеннің шатырына түскен.

Құтқарушылар көпқабатты үймен іргелес орналасқан дүкеннің шатырына шығып, зембілдің көмегімен зардап шегушіні жерге түсірген екен.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 16 шағын аудандағы Шаяхметов көшесінде болған. Тұрғындар дүкеннің шатырына құлаған адамды көріп, көмекке құтқарушыларды шақырған.

«Оқиға орнына келген жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 1988 жылы туған ер адамның абайсызда үшінші қабаттан құлап кеткенін анықтаған. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді» делінген хабарламада.