ҰҚК: Шетелдіктерге жалған құжат жасаған
ҰҚК: Шетелдіктерге жалған құжат жасаған
5,131
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда қылмыстық топты тінту жұмыстары жүргізілген.

«2019 жылғы 15 қарашада ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының прокуратурасымен өзара іс-қимылда Орталық Азия өңірі елдері азаматтарының Қазақстан Республикасына заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған адамдар тобының қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Қылмыстық топқа Көші-қон қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, сондай-ақ шетелдіктерге құжаттар ресімдеуді жеделдету, оның ішінде, №086 үлгіде жалған анықтама беру жөнінде қызмет көрсеткен бірқатар делдал кірген» делінген ҰҚК хабарламасында.


para2.jpg

ҰҚК-нің мәліметінше, қылмыстық іс фигуранттарында тінту жүргізу нәтижесінде, 40-тан аса шетелдік азаматтың төлқұжаты, 2 миллион теңгеден асатын ақша және Қазақстанда шетелдіктерді заңдастыру бойынша басқа да құжаттар алынған.


para3.jpg

Тергеу жалғасып жатыр.