Зайнутдиновтың керемет голы қазақтарды құтқара алмады (видео)
Зайнутдиновтың керемет голы қазақтарды құтқара алмады (видео)
5,133
оқылды

Футболдан «Еуро 2020» іріктеу кезеңінің соңғы туры аяқталды.

Қазақстан құрамасы соңғы ойында Глазгода Шотландия құрамасымен кездесіп 3:1 есебімен жеңіліп қалды.

Осылайша Қазақстан іріктеу кезеңін өз тобында бесінші орынмен аяқтады. Ұлттық құрама 10 кездесу өткізіп, 10 ұпай еншіледі.

Соңғы кездесуде Қазақстанның үздік үштіктен көрінуге мүмкіндігі болған. Ол үшін біздің ойыншылар шотландықтарды қонақта жеңу керек болатын. Алайда 1 таймды ширақ өткізіп, гол салған Қазақстан құрамасы екінші таймда шашылып қалды.

Алғашқы болып алаң иелерінің қақпасын Зайнутдинов тулатты. Алыстан шірене тепкен соққысы соңғы турдағы ең үздік голдардың біріне айналды. Намыстан булыққан шотландықтар екінші таймда өздерін қолына алып, жүйелі ойын өрнегін көрсетіп, қазақстандықтардың қақпасына 3 бірдей гол салып, турнир кестесіндегі үшінші орнын сақтап қалды.