Трамп сайлауда өзінің жеңіске жеткенін жариялады
Трамп сайлауда өзінің жеңіске жеткенін жариялады
115
оқылды

Дональд Трамп сайлауда жеңіске жететінін тағы да мәлімдеді. "Біз бұл сайлауда жеңіске жеттік", - деді Трамп Джорджиядағы жақтастарымен сөйлескен кезде.

Ол тағы да демократтарды сайлауда шикіліктің барын айтып айыптады. Оның айтуынша, қарсыластарының дауыстары "төбеден түседі немесе былғары сөмкелерден шығады". "Барлық штаттарда жүздеген мың заңсыз дауыс берілді", - деді Ақ үй басшысы. Трамп сонымен бірге Джорджия билігін сайлауды талқылау үшін жергілікті заң шығару жиналысын жасауға шақырды. Президенттің айтуынша, егер сіз пошта арқылы жіберілген бюллетеньдердегі сайлаушылардың қолтаңбаларын тексерсеңіз, ол осы штаттағы сайлаушылардың дауыстарын "оңай және тез" алады. Еске салсақ, 3 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өткен еді. Сайлау нәтижелері бойынша Джо Байден жеңіске жеткен еді.