«Жастар» педагогикалық тобы – бір отбасы

«Жастар» педагогикалық тобы – бір отбасы

«Балдәурен» – қазақ тілінде бақытты балалық шақ деген мағынаны білдіреді. Бұл атау текке берілмеген, орталыққа келетін балалардың жасы осы бақытты балалық шаққа сәйкес.

Республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Балдәурен» – бұл оқу-педагогикалық және сауықтыру істерін ұйымдастырумен айналысатын, сонымен қатар балалардың Халықаралық және Республикалық мәдени-көпшілік, ғылыми-практикалық іс-шараларын өткізетін Республикалық оқу-сауықтыру орталығы. Балалар үшін тақырыптық ауысым жоспарын жасайтын және өткізілуін қаматамасыз ететін орталықтың ең негізгі құрылымдық бөлімдерінің бірі – тәрбие кешені. 

Тәрбие кешені десе, ең бірінші «Жастар» педагогикалық тобын көзге елестетеміз. Орталықтағы балалардың бас тәлімгерлері – ұйымдастырушы-ұстаздар, яғни «Жастар» педагогикалық тобы. Жалпы айтқанда, ұйымдастырушы-ұстаз – мәртебе емес, ол жаныңның жақсы күйі және де онымен келіспеуге болмайды. Түсіндіруге қиын, әрине, ертемен тұру, кешке түнжарымы ауғанда жату, ал күнімен балалармен көптеген міндеттерді орындау, өзінің білімі мен біліктілігін қамқорлығындағыларға беру осыншама сарқылмайтын күш-қуатты қайдан алады десеңізші.

Құрметті оқырман, бұл мақала не жайлы жазылғанын білгіңіз келетін шығар. Иә, «Жастар» педагогикалық тобы жайлы, бірақ мен мақаламды Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының «Жастар» педагогигалық тобы жайлы айтамын. «Жастар» педагогикалық тобы Қапшағай қаласында 2017 жылы іргесін қалаған. Олар мекендейтін жер, «Балалардың арман аралы» деп аталады.

 Олар дарынды. Әр өңірдің майталмандары. Дипломдары мұғалімдікі, өздері актер. Жастары үлкен, жүректері бала сынды жандар. Аяқ басқандарына қарашаның 27-жұлдызында 2 жыл толады. Күлкілері әлемнің көркін кіргізетін бүлдіршіндердің, бақыт әлеміне себепкер болатын жандар. 

Тұғырынан түспейтін, тектілікті ту еткен, дұшпаны болса кішірмейтін, абыройын түсірмейтін, бағаларын басқадан сұрамайтын, абыройы ешқашан құламайтын, қыз жүрегін кірлетпейтін, жігіттерін құрметтейтін «Жастар» тобы. Жетістіктері өздеріне жетіп артылатын алдаспандар. Иә, «Жастар» тобы осындай халық. Таңын баламен атырып, кешін баламен батыратын бір отбасы. Түтіндері тәрбиемен тұтанатын жанұя. Алар асуларына ешкімнің арманы жетпейтін, арман қуған жастар. Олар мықты. Иә, олар шынымен де мықты. Дәл қазіргі таңда, жаратқан иеміз осы жастарға ие болсын деп, Егемберді Тұрсынбекұлын бергендей. Біз бірге бәрін жеңеміз!


Құндыз Жанғожина