Несие бойынша ет сатылатыны жайында Қазақстанда жарнамаланғаны туралы алматылық келіншек әлеуметтік желіде жариялады.
Лақап аты Di Summer деген алматылық әйел өзінің Facebook парақшасында ет туралы жарнамамен бірге фотосурет те салған.
[caption id="attachment_93004" align="alignnone" width="1024"]
©Сурет интернеттен алынды[/caption]
«Ет несиеге беріледі. Бұл жарнама біреуге күлкі болар, енді біреуі мән де бермес», - деп қыз өзінің жарияланымына қол қойған.
Әлеуметтік желіде жарияланған суретке қарағанда, елдегі танымал қаржы институттарының бірі - етті жарнамалайтын көрінеді. Біз бұл жарнаманың шынайылығын растауға міндеттей алмаймыз. Бірақ фотода көрсетілген қаржы институты етті мүлдем жарнамаламайды не оны сатпайды. Сонды еттің несиеге сатылатыны рас па?