«Астана біздікі»... деп қару ұстап, видео түсірген тұрғынға пародия жасалды

«Астана біздікі»... деп қару ұстап, видео түсірген тұрғынға пародия жасалды

Елордадағы атышулы видеоға жасалған пародия әлеуметтік желілерде тарап жатыр, – деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстаулық тұрғын пародия видеоны өндіріс басында түсірген. Жас жігіт видеода: «Форт-Шевченко – біздікі, құбыр да біздікі. Мына машинаның барлығы, «уазик», бәрі біздікі»,– дейді.

https://youtu.be/Xzk01v0IkPA

Еске сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында осыдан бірер күні бұрын көлікте отырып, қарудың бірнеше түрімен видео түсіріп, «Астана – біздікі»,– деп сөзіне былапыт сөз қосып айғайлаған жас жігіт ұсталған.

Кейіннен полиция оны ұстап, ҚР ҚК 287-бабы бойынша іс қозғалғаны мәлім болды.