Трамп: Келесі аптадан бастап жаппай вакцинациялау жұмысы басталады
Трамп: Келесі аптадан бастап жаппай вакцинациялау жұмысы басталады
142
оқылды
Індеттен ең көп зардап шеккен Америкада соңғы тәулікте 214 мың жаңа дерек тіркелді. CNN телеарнасының мәліметінше, қауіпті індет небәрі бес күнде бір миллионнан астам адамға жұққан. Кеше ел президенті Дональд Трамп АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинация келесі аптада басталатынын мәлімдеді.

Дональд Трамп, АҚШ президенті: - Вакцинаның дайын болуына аз ғана қалды. Басқа президенттің әкімшілігі бұған бес жыл уақыт жұмсар еді. Ал біз жаңа дәріні небәрі жеті айда әзірлеп шықтық. Енді келесі аптадан бастап жаппай вакцинациялау жұмысы басталады.