Ең үздік камерасы бар смартфон анықталды
Ең үздік камерасы бар смартфон анықталды
153
оқылды
Блоггер Маркес Браунли (Marques Brownlee) Asus ZenFone 7 Pro смартфонын тест нәтижелері бойынша ең жақсы камерасы бар смартфон деп атады. Тиісті бейнені блогердің YouTube арнасында көруге болады. Браунли жыл сайын өткізетін тестілеу аясында 2020 жылы шығарылған әр түрлі өндірушілердің 16 смартфонын таңдады. Тізімге Apple, Samsung, Xiaomi, Huawei, One Plus, Asus, LG, Google, Sony, Microsoft және Motorola құрылғылары кірді. Блогер құрылғыларды жұпқа бөліп, әр құрылғының камерасына бірдей фотосуреттер түсірді. Содан кейін Браунли өзінің 4,4 милллион оқырманы бар Twitter парақшасына суреттерді орналастырды және оқырмандарға әр фотосуретке соқыр дауыс беруді ұсынды. Дауыс берудің бірінші раундының қорытындылары бойынша тесттен One Plus, Google, Microsoft, LG, Oppo, Xiaomi-дің үздік смартфондары, сондай-ақ iPhone 12 Pro Max-тың флагманы жеткілікті дауыс жинай алмай шығып қалды. Жартылай финалда төрт құрылғы қалды — Huawei Mate 40 Pro, Asus ZenFone 7 Pro, Xiaomi Mi 10 Ultra және Samsung Galaxy Note20 Ultra. Соңғы дауыс беру кезінде ASUS флагманы жеңіске жетті, ол өзінің қарсыласы Xiaomi Mi 10 Ultra-дан озып, 54 пайызға артық дауыс жинады. Қорытындылай келе, блогер әр фотосурет автоматты түрде жасалғанын және өңдеуден өтпегенін атап өтті. 2019 жылы Маркес Браунли осыған ұқсас тест өткізген, оның қорытындысы бойынша Samsung Galaxy Note 10+жылдың үздік камерофоны болды. Аппарат дауыс беру финалына шығып, оның қорытындысы бойынша Samsung Galaxy S10e-ді басып озды.