Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.
Қазақстанда коронавирус таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 30 қарашадағы шешіміне сәйкес, шетелге әуе рейстерін қысқартса, аурудың таралу қарқыны бәсеңдейді.Рейстер екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын қатаң сақтай отырып, әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын, эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, 2020 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан және Түркия арасындағы екі елдің әуе компаниялары орындайтын рейстер саны аптасына 20-дан 10 рейске дейін қысқартылады.
Жолаушылар Қазақстан және Түркия әуе компанияларының рейс кестесіндегі өзгерістер туралы әуе компаниясынан нақтылауы керек.