Елдің солтүстігі, батысы және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Кей жерлерде тұман күтіледі, оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 17-22 м/с-ке дейін күтіледі.Маңғыстау облысының солтүстігінде 22 градусқа дейін қатты аяз сақталады.