Нұр-Сұлтанда I ауысымдағы 1-4-сыныптар қашықтан, үйде оқитын болды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Білім басқармасының шешімімен 2020 жылдың 7 желтоқсанынан бастап қолайсыз ауа райына байланысты (қатты аяз -26) I ауысымдағы 1-4-сыныптар қашықтан оқу форматына ауыстырылатынын хабарлайды, – делінген хабарламада.