Алимент төлемеген астаналық тұрғын коттеджінен айырылды
Алимент төлемеген астаналық тұрғын коттеджінен айырылды
134
оқылды
Алимент төлемеген астаналық тұрғын элиталы коттеджінен айырылды. Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің айтуынша, қарызын төлеген адам жеке мүлігін өз еркімен берген. 2020 жылғы 17 тамыздағы қаулыға сәйкес оның қарызы  3,857 мың теңгеге жеткен.
"Борышкерге жеке сот орындаушысының мүлікті сату арқылы қарыз сомасын өндіріп алуға құқығы бар екені түсіндірілді. Келіссөздерден кейін ер адам алимент бойынша қарызды өтеу үшін жылжымайтын мүлікті өз еркімен беруге келісті", – делінген хабарламада.