Сотта ақталып шыққан ақтөбелік шенеунік Қаржы министрлігін сотқа берді
Сотта ақталып шыққан ақтөбелік шенеунік Қаржы министрлігін сотқа берді
188
оқылды

Ақтөбедегі белгілі шенеунік Жанаргүл Дүйсекенова Қазақстанның Қаржы министрлігінің үстінен сотқа арыз берді.

«Ақтөбе Таймс» газетінің жазуынша, Дүйсекенова заңсыз қылмыстық қудалауға қатысты моральдық зиянды өтеу үшін 2 миллион теңге талап етіп отыр. Ақтөбе әкімдігінің тұрғын үй бөлімінің бұрынғы басшысы Жанаргүл Дүйсекенова бір жылдан астам қылмыстық қудалауда болған. 2019 жылдың сәуірінде ол қызметтік жағдайын пайдаланып, алаяқтық жасады деген күдікпен қамауға алынған еді. Тергеу мәліметтері бойынша, 2015-2018 жылдар аралығында Дүйсекенова басқа адаммен алдын ала сөз байласып, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана беруге уәде берген, ірі мөлшерде ақша алған. Қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде 38 адам болған, ал шығын шамамен 100 миллион теңге.

Кейін сотта оның кінәлі емес екені анықталды, ақталып шықты. Соңғы бес айда Дүйсекенова Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары болып жұмыс істеген.