Моншада түтінге тұншыққан 4 бала ауруханаға түсті
Моншада түтінге тұншыққан 4 бала ауруханаға түсті

Бұл туралы Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Жамбыл облысында 4 бала моншаға шомылған кезде түтінге уланған. Кеше сағат 22:10-да көмірмен жылытылатын моншадағы пештің ақауынан шыққан түтінге уланған төрт бала ауруханаға түсті. Оқыс жағдайға пештегі саңылау мен түтін шығатын құбырдың тазартылмағандығы себеп болған.

«Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылында жеке тұрғын үйдің моншасында шомылу кезінде улы газға уланған 2013, 2015, 2016, 2019 жылы туған балалар ауруханаға түсті. Жалпы, мұндай улану оқиғалары көбінесе өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағаннан болады», – дейді Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары.