Жемқорлыққа қарсы күрес: Қазақстан Канадамен тәжірибе алмасуда
Жемқорлыққа қарсы күрес: Қазақстан Канадамен тәжірибе алмасуда
450
оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Еуропалық Одақ және Еуропа бойынша Канада Премьер-Министрінің арнайы уәкілі Стефан Морис Дион мен Канаданың Төтенше және Өкілетті елшісі Николя Бруссомен кездесу өтті.

Алик Шпекбаев қонақтарды Агенттіктің негізгі жұмыс бағыттарымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралармен таныстырды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен қазіргі Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың да ұстанатын саясатының басым бағытының бірі», – деді А.Шпекбаев.

Ведомство басшысы Агенттіктің келешектегі жоспарларымен бөлісті, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін отставкаға кету институтын енгізу, НҚА-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қайта қалпына келтіру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін Integrity testing енгізуге қатысты айтып берді.

Сондай-ақ, халықаралық ынтымақтастық пен азаматтық қоғаммен өзара қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығына баса тоқталды.

«Қазақстан мен Канада бірқатар бағыттар бойынша жемісті ынтымақтастық байланыста. Бұл кездесу Агенттіктің қызметі бойынша екіжақты қарым-қатынастарға қосымша серпін беретініне сенімдімін», – деді ол.

Агенттік төрағасы: «Еліміздің мемлекеттік қызметтерді цифрландырудағы жетекші позициясын көптеген халықаралық сарапшылар атап өтуде. Мемлекеттік қызметтерді қағаз нұсқасынан электрондық форматқа көшіру – тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтуға көмектеседі»,– деді.

Ол сондай-ақ, бұл өзгерістер көп жағдайда Канаданың оң тәжірибесінен алынғандығын атап өтті. Бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлықтан ада кәсіби мемлекеттік аппарат құру тәжірибесін пайдалану басымдыққа ие.

Бұдан бөлек, Алик Шпекбаев Агенттік бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан Protecting business and investments жобасы мен оның оң нәтижесімен бөлісті. Атап айтқанда, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуімен отандық және шетелдік инвесторлардың (Нидерланды, Швейцария, Ұлы Британия, Жапония, Франция, Ресей, Туркия, Германия, ҚХР, БАӘ, Корея, Польша, Малайзия және т. б.) жалпы сомасы 11,6 трлн.теңгеден астам 375 жобасы қамтылған.

Дион мырза сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда Қазақстанның жетістіктеріне оң баға беріп, екі елдің экономикалық орта қауіпсіздігі және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру саласындағы әріптестігін дамытуға дайын екенін жеткізді.