Тараздағы оқиға: Ауладағы дәретхана жабылып, 11 адам жауапкершілікке тартылды
Тараздағы оқиға: Ауладағы дәретхана жабылып, 11 адам жауапкершілікке тартылды

Таразда 7-сынып оқушысы зорланған мектеп ауласындағы дәретхана жабылды.

Оқиғадан соң мұғалімдер мектепті өздері күзетіп жүр. Анығы, мектеп директоры мен меңгерушісі, математика пәнінің мұғалімі, вахтер да жұмыстан кеткен. 11 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Облыстық білім басқармасының басшысы да өз еркімен жұмыстан кеткен.