Junior Eurovision – 2019: Ержан Максимге екі рет дауыс беруге мүмкіндік бар
Junior Eurovision – 2019: Ержан Максимге екі рет дауыс беруге мүмкіндік бар
132
оқылды

Балалар Еуроведениесінде ел намысын Ержан Максим қорғайды.

Ол «Арманыңнан қалма!» әнін шырқайды. Балалар ән байқауы 24 қарашада мәреге жетеді. 24.kz-тің жазуынша, байқауды 21.00-де «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Жеңімпазды анықтау үшін junioreurovision.tv сайтына кіріп, тізімнен Ержан мен тағы 2 қатысушыны таңдап алып, «Дауыс беру» тетігін басасыз.

Жерлесімізге екі рет дауыс беруге мүмкіндік бар. Бірінші дауыс беру 23 қараша сағат 01:00-ден байқау басталғанша жалғасады. Ал екіншісі концерт аяқталған соң 15 минутқа қайта ашылады.