Діни басқарма: KFC-де халал сертификаты жоқ
Діни басқарма: KFC-де халал сертификаты жоқ
119
оқылды

ҚМДБ-ның мәлімдеме жасауына тұрғындардың арыз-шағымы себеп болған.

«Қазақпараттың» жазуынша, KFC Діни басқарманың халал өнімдерге берілетін сертификатын жаңартпаған.  

Діни басқарманың мәлімдеуінше, қаптамадағы «ҚМДБ халал» таңбасы KFC-дің сертификатты қайта алғанын білдірмейді.

«Халал өнімдерін стандарттау бөлімі 2018 жылдың 12 желтоқсанында The Caspian International Restaurants Company компаниясына тиесілі KFC ресторандар желісіне берілген «ҚМДБ халал» сертификатын қайтарып алған болатын. Басты себеп – «ҚМДБ халал стандарты» талаптарының сақталмауы. Аталған компанияның Алматы қаласындағы басшылығына KFC ресторандар желісі ғимараттарынан сертификатты және «ҚМДБ халал» таңбасын өнімдерінен алып тастау және қолданбау жөнінде ескерту хаты жолданған. Осы мәселе бойынша, «Халал Даму» ЖШС-ның өңірлердегі жауапты өкілдері тарапынан да бірнеше рет тексеріс жұмыстары жүргізілді» делінген ресми хабарламада.