2020 жылдың қараша айы рекорд жаңартты
2020 жылдың қараша айы рекорд жаңартты
144
оқылды
2020 жылғы қараша айы жаңа рекорд орнатып, тарихтағы ең жылы қараша болды. Бұл туралы Copernicus спутниктік мониторингінің еуропалық бағдарламасы хабарлады.
«Әлемдік масштабта 2020 жылдың қараша айы тарихтағы ең жылы қараша болды. Бұл ай 1981 жылдан 2010 жылға дейінгі қараша айларының орташа деңгейіне қарағанда 0,77 Цельсий градус жылы болды. Бұл бұған дейін 2016 және 2019 жылдың қарашаларында тіркелген рекордтық көрсеткіштерден 0,13 градусқа жоғары болды», - делінген зерттеуде.
Қарашада рекордтық жоғары температура Сібірде, Солтүстік Мұзды мұхитта, Аляскада және Канаданың солтүстік-батысында тіркелген.