Педофилдер өмір бойы түрмеде отырады
Педофилдер өмір бойы түрмеде отырады
177
оқылды

Балаларға қорлық көрсеткендерге жаза күшейеді.

Қазақстанда педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы күшіне енеді. 

«Қазақпараттың» жазуынша, Мәжіліс отырысында Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов баланы зорлағандарды қатаң жазалау керегін айтты. «Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау ауырлығы орташа қылмыстан ауыр қылмыс санатына жатқызылады. Бұл жерде татуласу болмайды. Балаларға қарсы жасалған осындай қылмыстар үшін жаза тіптен қатал болмақ. Бұл аса ауыр қылмыстар санатына жатады. 14 жасқа толмаған балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін тек қана 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылып отыр», – деді Марат Ахметжанов.