Алтай Көлгінов елорда тұрғындарымен онлайн кездесу өткізеді
Алтай Көлгінов елорда тұрғындарымен онлайн кездесу өткізеді
125
оқылды
10 желтоқсанда «Электронды үкімет»  порталында Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен интернет-конференция өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Онлайн-форум қатысушылары «Қаладағы шеткері аймақтарды дамыту», «Үлескерлік құрылыс нысандарының мәселелері», «Тұрғын үй саласы мәселелерін шешу», сондай-ақ «Аула ішін және жалпы қалалық аумақтарды абаттандыру» мәселелеріне байланысты ойларын ортаға салады. Конференцияға қатысқысы келгендер e.gov.kz сайты арқылы («Ашық диалог» - Интернет-конференция парақшасына электронды цифрлық қолтаңба арқылы кіре алады). Іс-шара сағат 09:00-де басталып, 15.00 дейін созылады.