Алматыдағы қоймалардың бірінен тіркелмеген 254 атыс қаруы тәркіленді

21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыдағы «Күзет «МКК» АҚ қоймасында сақталған ірі қару-жарақ арсеналын тәркіледі.

«Жедел іздестіру іс-шаралары барысында «Күзет «МКК» АҚ қоймаларында азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, ірі қару-жарақ арсеналының заңсыз сақталғаны туралы мәлімет келіп түсті. Ғимараттың периметрі қоршалмаған, қаруды сақтауға арналған үй-жайлар мақсатты пайдалануға арналмаған, нысанды 2 адам ғана күзеткен», - делінген хабарламада.

Террористік, экстремистік ұйымдар мен қылмыс өкілдеріне оны тиісінше сақтамау туралы ақпарат түскен. Сондай-ақ электоралдық кезеңде қауіп-қатерге жол бермеген жағдайда қару арсеналын ұрлау ықтималдығын ескере отырып, алдын алу шаралары қабылданды.

Нәтижесінде тіркелмеген 254 атыс қаруы мен 38 жарақат салатын қару, сондай-ақ 4600 оқ-дәрі тәркіленді.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.