Аязға байланысты үш аймақта сабақ болмайды
Аязға байланысты үш аймақта сабақ болмайды
221
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының мектептерінде аязға байланысты мектепте сабақ болмайды.

«21 қараша аязға байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды» делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар ШҚО-ның бірнеше ауданы мен қалаларында сабақ тоқтатылды. Нақтысы, -28-34 градус аязға байланысты Өскемен қаласында, Алтай, Глубокое, Бесқарағай, Көкпекті, Абай, Ұлан, Тарбағатай, Аягөз және Жарма аудандарында бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптарға, сонымен қатар Семей мен Риддер қалаларында бірінші ауысымдағы 1-9 сыныптарға, Бородулиха, Катонқарағай аудандары мен Курчатов қаласында 1-4 сынып оқушыларына сабақтар тоқтатылды. Ал Қарағанды облысында Бұқар жырау және Осакаров аудандарында, Теміртау қаласында бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптар, Абай, Ақтоғай, Нұра, Жаңаарқа аудандарында және Қарағанды, Саран, Шахтинск, Қаражал қалаларында 0-4 сыныптар оқымайды. Бұл өңірде осы уақытта -27-28 градус аяз болып тұр.