Нұр-Сұлтан: Қар мен жаңбырдың суын реттеу үшін жеке мекеме құрылады
Нұр-Сұлтан: Қар мен жаңбырдың суын реттеу үшін жеке мекеме құрылады
126
оқылды

«Елорда Инфо» сайтының хабарлауынша, бас қаланың көшелерін су басу проблемасын шешу үшін жаңа мекеме құрылады.

Нұр-Сұлтан қалалық Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ернат Бәзіл: «Біздің басқарма қаланы жылу, жарық және сумен қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады. Бізге жүктелген жаңа міндет – елорданы газбен қамтамасыз ету. Бұған дейін хабарлағанымыздай, келесі жылдан бастап астаналықтар газ пайдалана бастайды. Басқарманың алдына қойылған негізгі тапсырмалардың бірі – неше жылғы проблемаға айналған көктем-күз мезгілінде қала көшелерін су басу проблемасы. Бұл мақсатта осы мәселемен айналысатын арнайы мекеме құратын боламыз. Айта кету керек, Қазақстанның басқа қалаларында ондай мекеме жоқ. Ол шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болады. Қала бойынша бір ғана «Астана-Тазалық» ЖШС үлгермейді және олардың басқа да негізгі міндеттері бар», – деді.