Қауіпсіздік сертификаты азаматтарды бақылауға арналмаған
Қауіпсіздік сертификаты азаматтарды бақылауға арналмаған
99
оқылды

Отандастарымыздың телефондарына  қауіпсіздік сертификатын орнатуды ұсынған  СМС-тер келіп жатыр. Ал әлеуметтік желілерде  отандық қауіпсіздік сертификатын орнатса, сол арқылы оның қайда барғанын, не істегенін, кімге не жазғанын және қандай парольдер енгізгенін бақылайтыны туралы ақпарат тарай бастады. Алайда бұл жүйе өзгелерге жаппай зиян келтірмей, тек тыйым салынған контентті ғана нақты бұғаттауға бағытталған. Құзырлы органдар осылай мәлімдеді.

Цифрлық министрліктің Ақпа­раттық қауіпсіздік ко­митетінің тө­рағасы Руслан Әбдіқалықов қа­зақстандық сертификаттың қауіпсіз екеніне сендірді. Ол барлық тех­никалық стандартқа сәйкес келеді және басқалардан кем емес. – Компьютеріңізді немесе смарт­фоныңызды ашып, серти­фикаттар бөліміне кіріңіз. Ол жерден бүкіл әлемде, әр елде жа­салған 100-ге жуық серти­фикаттың орнатылғанын көресіз. Бұған қазақ­стандық сертификатты қос­сақ түк те болмайды. Бұл ұлт­тық заң­намада қарастырылған. Оның үс­тіне, жүйе авто­мат­­тан­дырылған режимде жұмыс істейді: пай­дала­нушының қай­да барғанын, не істегенін, қан­дай пароль ен­гізгенін ешкім ба­қыламайды. Жүйе тыйым са­лынған контентті нақтылы бұ­ғаттауға ғана ба­­ғытталған. Ол ар­қылы машина трафикке қол жеткізеді және сонда тек қара ті­зімге енген сілтемелерді табуға ты­рысады. Егер ол анық­талса, мұн­дай сұрау үзіліп, пай­да­ланушы жауап алмайды. Бұл жағ­дайда 404-ші парақша ашылады. Егер адам сертификат орнатпаса, онда ше­телдік сервистермен өзара іс-қимыл кезінде проблема әлде­қайда көп болады, – деді ол. Ал егер пайдаланушылардың жеке деректеріне қол жеткізе ала­тын үшінші тұлғалар осыны қарау ниетте пайдаланбақ болса ше? «Біріншіден, адамдар оны­цмен жұмыс істемейді. Екіншіден, азаматтарымыздың құқығын Кон­ституция қорғайды. Құқық қорғау және арнаулы мемор­гандардың барлық әрекетін Бас прокуратура қадағалайды. Менің ойымша, ол әлдебіреудің мәлі­меттерді өз еркі­мен заңсыз пай­далануына жол бермейді. Сондай-ақ өз өкілеттігін теріс пайдаланған қызметкерге қыл­мыстық жаза қол­данылады. Мемлекетіміз бұ­ған қатаң қарай­ды», – деді Руслан Әбді­қалықов.

Елдос СЕНБАЙ