Волонтер жасақтары құрылды
Волонтер жасақтары құрылды
187
оқылды

«Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиа­лының төрағасы, аймақ бас­шысы Архимед Мұхамбетов­тің қатысуымен өткен ке­ңей­тілген аппарат жиынында Волонтер жылының нәти­желері баяндалды.

Биыл Қостанай облысының жастары шалғай ауылдарда волонтерлер қозғалысын құрып, көптеген игі бастамаға мұрындық болды. Қазіргі уақытта облыста 90 волонтерлік ұйымның қызметі тіркелген. Олардың жұмысын облыс әкімдігінің Жастар саяса­ты мәселелері басқармасы қада­ға­лап, бағыт-бағдар беріп отыр­ды. – Қостанай облысы волон­тер­ліктің Тaza Álem бағытын таң­­даған. Мұнда қоршаған ор­таны қорғау, өзендер мен орман­дарды тазарту, ағаш отырғызу, қайталама шикізаттан шығар­машылық өнімдер жасау арқылы халық экологиясын үйретуге басымдық берілген. Жалпы, волонтерлік қозғалысты қолдауға мемлекеттік әлеуметтік тапсы­рыс аясында 19 жобаны жүзеге асыруға 18,3 млн теңге қарасты­рылған. Жыл басынан бері 800-ден астам іс-шара өткізіліп, оған 6 000 волонтер қатысты, – деді Архимед Мұхамбетов. Расында да, ерікті жастардың облыс тұрғындарына тигізген көмектері көп болды. Жастар көмегі елімізде төтенше жағдай енгізіліп, карантин режимі бас­тал­ған шақта сезілді. Нәтиже­сінде, Қостанай облысының әр ауданында волонтер жасақтары құрылды. Олар шектеу шара­ларын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарына да бел­сенді атсалысып келеді. Волон­терлер полиция қызметкер­ле­рі­мен бірлесіп карантин шара­ла­рын сақтау туралы парақшалар­ды, медициналық бетперделер мен азық-түлік таратты. Волон­тер жасақтары аудандық ауруха­намен де тығыз байланыста бо­лып, тө­тенше жағдай кезеңінде зейнет­керлерге және ауруханада есепте тұрған жалғызбасты жан­дарға дәрі-дәрмек тасымалдауды ұйым­дастырды. Кеңес қорытындысы бо­йынша облыс әкімі волонтерлік қозғалысқа қолдау көрсету және жастарды волонтерлік қызметке тарту бойынша жұмысты жалғас­тыруды тапсырды.

Әбілмансұр ЖАСАН