Зеленский Путинмен жүздесуден бас тарта ма?
Зеленский Путинмен жүздесуден бас тарта ма?
167
оқылды

Елбасы 12 қарашада «Астана клубы» отырысында Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путинді татуластыру үшін Қазақстан астанасында кездесу ұйымдастыруға дайын екенін айтқан болатын.

Lenta.ru-дың жазуынша, бұл ұсынысқа Украина президенті Владимир Зеленскийдің орнына Сыртқы істер министрі жауап берген. Украина сыртқы істер министрі Вадим Пристайко Назарбаев пен Зеленскийдің арасында Қазақстанда кездесу туралы әңгіме болғанын, алайда оның ресми емес, ауызша, бейресми екенін алға тартқан.

Еске сала кетейік, Елбасы бір ай бұрын Украина басшысымен Жапонияда жүздескен болатын. Зеленский ТСН телеарнасына берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен кезде Донбастағы жағдай туралы әңгімелескенін айтқан.