Бірақ өртті сөндірген бойда брифинг өткізген Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері: «Марқұм өрттен емес, кісі қолынан өлген болуы мүмкін», – дейді.
Себебі, өрттен бұрын оны ұрып-соққан деген болжам бар.Өрт шыққан пәтердің тұрғыны мазасыз болған екен. Көршілерінің айтуынша, жиі жанжал болатын үйде сол күні электр жарығы болмай, балауыз шам жанып тұрған. От шамнан тұтануы мүмкін. Өрт әп-сәтте екі пәтерді күлге айналдырды. Соның кесірінен баспанасынан да, құжатынан да айырылған көрші пәтердің тұрғындары далада қалды. https://youtu.be/XJzS3MOEVgcШымкент қаласы ТЖД басқарма бастығы Бауыржан Ізбасаров: «Өрт сөндірген кезде 46 жастағы азаматтың мәйіті табылды. Полицейлердің сөзінше, мәйітте зорлық белгілері бар. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Өлімнің нақты себебі қорытынды шыққан соң белгілі болады», – деді.