20 жылдан соң қазақстандықтардың үштен бірінің зейнетақысы 16 мың теңгеге дейін қысқаруы мүмкін
20 жылдан соң қазақстандықтардың үштен бірінің зейнетақысы 16 мың теңгеге дейін қысқаруы мүмкін
99
оқылды

Зейнетақы ақшасын үшке бөліп, оны басқаруды азаматтардың өзіне беру ұсынылды, – деп хабарлайды LS.

Стратегиялық зерттеулер орталығы шетел тәжірибесі негізінде зейнетақы жүйесінің жаңа моделін ұсынды.

«Сингапурда жұмыспен қамтылған халықтың 91% зейнетақы жарналарын тұрақты төлейді. Елдің орталық сақтандыру қорының қағидалары (БЖЗҚ аналогы) – бұл баспана, лайықты зейнетақы және медициналық қамту. Сингапурда тұрғын үйді иелену коэффициенті 91%-ды құрайды, бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Медициналық қамту адамдарға 86 жасқа дейін өмір сүруге мүмкіндік береді», - деді орталықтың кеңесшісі Ерболат Төлегенов.

Қазақстандағы жағдай қалай?

«Тұрғын үймен қамту коэффициенті 67%, яғни 6 млн адам оған мұқтаж. Өмір сүру жасы да анағұрлым төмен. Қазақстанда белсенді өмір жасы 60 жасқа қарай аяқталады», – деді Е.Төлегенов.

Сарапшының пікірінше, Қазақстанда жаңа зейнетақы моделін енгізу үшін БЖЗҚ-да үш шот құру қажет: тұрғын үй, зейнетақы және арнайы. Ал соңғысына инвестициялық шығындар кіретін болады.

«Осы шоттар бойынша қаражатты бөлу пайызы адам жасына сай өзгеретін болады. Мысалы, 34 жасқа дейін жарналардың 16%-ы тұрғын үй шотына, 10%-ы зейнет жасына және арнайы шотқа түседі. Яғни жас кезде адам өзінің тұрғын үй мәселелерін шеше алуы, содан кейін зейнеткерлікке шығып, өз денсаулығын түзете алуы үшін бұл қажет. Тұрғын үй шотындағы ақша қалдығы зейнеткерлік шотқа аударылатын болады»,– деп түсіндірді өз ұсынысын сарапшы.

Бұл ретте, егер адам зейнеткерлік жастан кейін де жұмыс істегісі келсе, онда оның төлемдері тек 7%-ды құрайды, деп қосты Е.Төлегенов. Мұндай жағдай зейнеткерді еңбек нарығында бәсекеге қабілетті етеді, деп есептейді ол.

«Еңбекақы төлеу қорына түсетін орташа жүктеме 30% құрайды. Қазір Қазақстанда қызметкер екі төлем төлейді: Салық және зейнетақы жарнасы, жиынтықта жалақының 20%. Жұмыс беруші төрт жарнаның жиынтық жүктемесін 36,5%  төлейді. 2023 жылы төлемдер санын жетіге дейін арттыру көзделіп отыр, ал еңбекақы қорына түсетін жүктеме 45%-ды құрайды», – деді ол.

Сарапшы 0%-дан 20%-ға дейін прогрессивті ЖТС енгізу қажеттігін ұсынып отыр.

«Қарапайым тілде, орташа статистикалық еңбекақыдан 167 мың теңге орташа есеппен 2% ұсталады. Егер жалақы жоғары болса, онда 14%. Осылайша, БЖЗҚ-дағы орташа жарна 32%-ды құрайды», - деп есептейді ол.

Жалпы, сингапурлық модель азаматтарға өз аударымдарын өз бетінше иелік етіп өмірлік маңызды мәселелерді уақытылы шешуге мүмкіндік береді деп сендірді Төлегенов мырза. Бүгінде қазақстандық азаматтардың басым бөлігі салымдарды қосымша салық ретінде қабылдайды.

«Қазақстанда экономикалық белсенді 9 млн халық бар. Оның 40%-ы немесе 3,6 млн адам тұрақты түрде зейнетақы жарналарын төлейді. Тағы 30% – 2,7 млн адам – бұлар тұрақты төлемейді. Қалған 30% – бұл мүлдем төлемейтін адамдар, мұндай 3 млн адам. Біз әр жылдары адам зейнетақысының қанша болатынын түсіну үшін есеп жүргіздік», – деді ол.

Осылайша, негізге келесі параметрлер алынды: толық жұмыс өтілі – 41 жыл, орташа жалақы –167 мың теңге, БЖЗҚ-да жинақталу – 2 млн теңге.

«2019 жылы өмір бойы жұмыс істеген және ақша аударған адамның базалық зейнетақысы 29,6 мың теңге болады деп есептейміз. Ол қосымша ортақ бөлікті – 55 мың теңге және жинақтаушы бөлікті– 17 мың теңге алады. Жалпы бұл 103 мың теңгені құраса, бұл өте жақсы», - деді сарапшы.

Алайда, жағдай 2039 жылға қайта есептегенде өзгеріске ұшырайды.

«Ортақ бөлік екі есеге қысқарады, өйткені 1998 жылға дейін жұмыс өтілі азаяды. Жинақтау бөлігі өседі. Осының барлығы 92 мың теңге болады. Тағы 10 жылдан кейін, 2039 жылы базалық зейнетақы сақталады, ортақ бөлігі толығымен жоғалады. Тек жинақтау – 51 мың теңге ғана қалады. Жиынтығы адам (жұмысшылар) басына 81 мың теңге. Іс жүзінде азаматтардың зейнетақысының нақты мөлшері азаяды. Ал жарналарды мүлдем жасамаған 30% 16 мың теңгеден сәл артық алады, бұл ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%. Іс жүзінде зейнеткерлердің 30%-ы жұмыссыз болады», – деп атап өтті сарапшы.

Тұтастай алғанда, Қазақстан зейнетақы жүйесінің қазіргі үлгісімен қалатын болса, 2039 жылға қарай елді әлеуметтік дағдарыс күтіп тұр. Себебі ақшасыз қалған зейнеткерлер мемлекеттен қолдау талап ете бастайды. Сондықтан жаңа үлгіге көшу қажеттілігі туындайды, деп түсіндірді Ерболат Төлегенов.