Алматыда даңғылдың ортасында шахмат ойнағандарды жауапқа тартты
Алматыда даңғылдың ортасында шахмат ойнағандарды жауапқа тартты

Телеарнаның хабарлауынша, жол ортасында шахмат ойнағанның кесірінен көлік кептелісі болған. Олар өзгелердің де өміріне қауіп төндірді.

Олар полицейлерге көлігі сынып осылайша, уақыт өткізбек болғанын айтып ақталды. Оларға қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Жол ортасында шахмат ойнағандар 58 мың теңге айыппұл төледі.

Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Жастар арасында мұндай деректер көп кездесіп жатады. Олар өздерін «пранкерлерміз» деп заңға қайшы іс-әрекеттерді де жасап жататын кездер болады. Заң бұзуға ешкімнің құқы жоқ. Заң барлығына бірдей», – дейді.

 
https://youtu.be/1Tbv9OR6GKE