Nur Otan-ның Шығыс Қазақстан облысындағы беделін арттыруға жаңа орынбасар келді
Nur Otan-ның Шығыс Қазақстан облысындағы беделін арттыруға жаңа орынбасар келді
123
оқылды

Саяси кеңестің аймақтық бюросының ұсынысымен Nur Otan партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Олег Чугунков тағайындалды.

Олег Чугунков 1977 жылы туған, Семей педагогикалық және Семей гуманитарлық институттарының түлегі. Әр жылдары Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, білім басқармасы бөлімінің басшысы, «Устинка» газетінің жауапты хатшысы, Талдау және болжау институтының бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2017 жылдан бері партияның облыстық филиалында қызмет істеген.

Партияны «қайта жүктеу» жұмыстары аясында Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары ауысқан болатын.