Голливудтың танымал режиссері Алматыда шеберлік сабағын өткізді
Голливудтың танымал режиссері Алматыда шеберлік сабағын өткізді

Әйгілі режиссер Дженнифер Арнольд Алматыдағы АҚШ консулдығының қолдауымен Алматыдағы Америкалық ғарыш клубында шеберлік сабағын өткізді. Режиссермен кездесуге киноға қызығушылық танытқан жүзге жуық алматылық келді,– деп хабарлайды informburo.kz.

Дженнифер Арнольд Қазақстан киносындағы соңғы оқиғаларға қызығушылық танытты. Мәселен, ол жақында ұсынылған «Томирис» тарихи фильмінің премьерасы туралы: «Мен Қазақстан туралы ақпаратты зерттеген кезде «Томирис» фильмі туралы бірнеше мақаланы оқыдым. Бұл жоба маған өте қызықты көрінді. Менің ойымша, Қазақстанда отандық киноны одан әрі дамыту үшін жақсы мүмкіндіктер бар»,– деді.

Келесі жылы Дженнифер Арнольд Big Day конкурсы аясында өтетін «48 сағат ішінде түсіру» байқауына қатысады. Аталған байқауды Америка консулдығы қолдап отыр. Байқауға қатысушылар 48 сағат ішінде қысқа метражды фильмдер түсіреді, жеңімпаздар жүлделер мен кино саласындағы өз шеберліктерін дамытуға мүмкіндік алады.