Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицияға әйелден «Күйеу балам үнемі отбасында жанжал шығарады. Ұрыс-керіс жиі болады» деген хабарлама бірнеше рет келіп түскен.Сот оның тәртібіне қатысты үш рет ерекше талап қойды. Бірақ күйеу бала мен ене арасындағы ұрыс-керіс бітпеген.Бір жыл ішінде учаскелік полицей 41 жастағы тұрғынға жанжал шығарғаны үшін бірнеше рет ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік жаза қолданған.
Жанжалдан кейін учаскелік полицей ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы, 2-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғады. Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 3 тәулікке қамауға алынды.