Павлодар облысында жоғалған бір үйір жылқы мұз астында қатып қалған жерінен табылды
Павлодар облысында жоғалған бір үйір жылқы мұз астында қатып қалған жерінен табылды
4 желтоқсанда Аққулы ауданындағы фермерлердің бірі 26 жылқысы жоғалғаны туралы полиция қызметкерлеріне шағым түсірді, деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Жылқылардың иесі 1 желтоқсанға қараған түні Қазы ауылынан 10 шақырым жердегі жайылымнан белгісіз біреулер 26 жылқысын ұрлағанын айтқан. Жылқыларын бірнеше күн бойы өз бетінше іздеген. Жоқ іздеу үшін арнайы жасақ құрылып, аудандағы шекаралас аймақтардың бәрін шарлап шыққан. 6 желтоқсанда Қазы ауылынан 15 шақырым жердегі Борлы көлінен 26 жылқы мұздың астында қатып қалған жерінен табылды. Құқық қорғаушылар малды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Бұл мал ұрлығы да болуы әбден мүмкін. Сондай-ақ полицейлер малға ен салып отыруға кеңес берді.