Төрегелді Шарманов пен Шигео Катсуға Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік сыйлығы берілді

Төрегелді Шарманов пен Шигео Катсуға Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік сыйлығы берілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің –Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы: медицина саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Төрегелді Шарманұлы Шармановқа; білім және ғылым саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Шигео Катсуға берілсін», делінген Жарлықта.