Қызылордада бір отбасының 7 адамына иіс тиіп қалды
Қызылордада бір отбасының 7 адамына иіс тиіп қалды
135
оқылды
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында бір отбасының 7 адамына иіс тиіп қалған. Бұл жөнінде Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.
«Бір отбасының 7 адамы түтінге уланып қалды. Оның 2-і ересек болса, 5-і бала. Оларға алғашқы көмек көрсетіліп, аудандық ауруханаға жеткізілді», - деді ведомство өкілдері.