Көптен күткен жылу берілді
Көптен күткен жылу берілді
101
оқылды

Ақтау қаласының 11-ша­ғы­науда­нын­дағы 41-үй­дің тұрғын­дары өз­дері тұратын пәтерде әлі күнге жы­лудың беріл­ме­генін айтып, әлеуметтік же­ліде ша­ғымдарын жария­лады.

Осыған орай «Nur Otan» пар­тиясының мүшесі Е.Жаңбыршин және партиялық бақылау ко­миссиясының мүшелері аталған тұрғын үйге тексеріс жұмыстарын жүргізіп,  тұрғындармен кездесіп қайтты. Мәселені шешуге атса­лысу мақсатында «Каспий жылу және су арнасы» мекемесінің және 11 шағынаудан ПКСК «Светлана» өкілдері ша­қыртылды. Партиялық бақылау комис­сиясы қызмет көрсетуші ұйым­дар­ға тәулік ішінде сапалы жы­лумен қамту мәселесін шешуді тапсырды. Қазіргі уақытта атал­ған тұрғын үйдегі температура та­лапқа сәйкес келтіріліп, пәтер­лерге толықтай жылу берілді. Партиялық бақылау комис­сиясы аталған мәселе облыстық партия филиалының бақы­лауын­да болатынын хабарлады.

Әбілмансұр ЖАСАН