Аралым – айдын шалқарым
Аралым – айдын шалқарым
628
оқылды

Арал десе, біріншіден, сырт адамның көз алдына ба­лық пен тұздың келетіні анық. Алайда жергілікті жұрт мал шаруашылығы­мен кеңі­нен айналысып келе­­­ді. Әсіресе, қыр бетте­гі ауылдар­дың тір­ші­лігі – осы. Теңізге жа­қын тұр­ғын­дар­дың ата кәсібі – ба­лық шаруашылығы.

Аралға Кіші теңіздің қайта ора­лып, су көлемінің көбеюі, ба­лық шаруашылығының өркен­деп, өңір экономикасының да­­муы­на, халықтың әлеуметтік жағ­дайының жақсаруына жағ­дай жасағаны жасырын емес. Бұрын су айдындарында жойы­лып кет­­кен балықтың 14 түрі қай­та көрі­не бастады. Тіпті, көп­теп кездеседі десек те ар­тық емес. Дәл қазіргі уақытта ауданда 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Осы арқылы жыл басынан бері 1705 тонна балық өңделіп, одан 1 446 тонна балық өнімдері экспортқа шы­­­­ғарылды. Оның арасында Ресей, Польша, Украина, Қы­тай, Ни­дер­ланд, Грузия, Әзір­бай­жан, Қырғызстан және Гер­ма­нияға дейін біздің балық жеткізілуде.

Сонымен бірге Қосжар ауы­­лын­да орналасқан «Қамыс­ты­бас» балық өсіру питомнигі мен оның «Тастақ» учаскесінде балық өсіруге арналған арнайы инкубациялық цехтар бар. Облыс көлемінде табиғи су айды­нының балық қорын көбейту үшін республикалық бюд­жеттен жыл сайын 14 мил­лион­ға жуық бір жылғы майда шабақ пен 400 мыңнан астам екі жылғы шабақ жіберіледі. Негізіне осы питомник арқылы балықтар Кіші Арал теңізіне және Ақшатау көлдер жүйесі мен Приморский, Қамыстыбас көліне жіберіледі.

Құланды ауылдық округінің жас кәсіпкері консервіленген ба­лық өнімдерін шығару жоба­сы бойынша мемлекеттік бағ­дар­­­лама арқылы грант қара­жа­­тын жеңіп алып, өз ісін бас­­тап кетті. Міне, ауданда осын­­дай кәсіпкер болу­ға ұм­тыл­­ғандардың қарасы кө­бейе түсті. Оның үстіне, мемле­кет тара­пынан бизнесті қол­­дай­тын бағдарламалар шығуы жас кәсіпкерлерге үлкен көмек бол­ды. Өйткені облыс көлемінде 2018-2020 жылдар аралығында биз­неске түбегейлі бет бұрып, кә­сіп жасап кеткендер саны өсе түсті. Мысалы, ауданда қа­­­зір 4 249 шағын және орта биз­­нес субъектісі тіркелген. Оның жұмыс істеп тұрғаны – 85,8 пайыз. Былтырғымен са­лыстырғанда өсім бар. Соны­мен қатар «Бастау Бизнес» жоба­сының үшінші легінде жал­пы 120 азамат оқу курстарын аяқ­тап, сертификатын алды.

Ауданда үш жылыжай бар. Бірі қаланың оңтүстік-шы­ғыс бетінде. 2015 жылы «Арал Ор­ганик» ЖШС өз қар­жы­­сы есебінен 6,5 млн тең­ге кө­ле­мінде аумағы 1 гек­тар жы­лы­­жай қондырғысын сал­ды. Одан бөлек, 2016 жы­лы Арал­­­құм ауылындағы №61 ор­та мектебі жанынан Бірік­­кен Ұлт­тар Ұйымының «Даму» бағ­­­дарламасы арқылы 3 мил­лион теңгеден астам грант есе­бінен «Фермер-7,5» жылы­жа­йы орналастырылды. Сол жылы Аманөткел елді мекенінде №73 орта мектебі жанынан Арал­­құмдағы жобамен бірдей, қаржысы да ұқсас жылыжай салынды. Жылыжайларда қы­за­нақ, қияр, картоп, пияз, бак­лажан өнімдері егіледі. Жи­налған өнім өз шығы­нын өтеу үшін аудандағы сауда дүкен­дерінде сатылуда. Бұдан бөлек, түйе жүнін пайдаға жарату ісі бар. Жылы әрі емдік қа­сие­­ті бар түйе шудасын көр­ші Қы­тайға тасымалдау жо­ба­сы алдағы уақыт­та іске ас­пақ. Соны­мен бірге аудан­да қол­өнер шеберлерінің жұмыс­та­рына қолдау көрсету жағы қарастырылуда.

Айта кететін жайт, Арал те­ңізі бүкіл әлемнің наза­рын­да. Себебі аудан, облыс тұр­ғындарынан бө­лек, шетел­дік азаматтар көп келіп, де­­ма­­­латыны бар. Соның ара­сын­­да Қамбаш көлі, «Көкарал» бөгеті, «Ақлақ» су тоспасы, Ақес­­пе­­дегі ыстық минералды су бұлағы секілді нысандар. Мысалы, Ақес­пеге Атырау мен Ақтөбеден адам­дар келіп, ыстық бұлақты ем ретінде қолдануда. Әсіресе, Ақиректегі Арыстан баб жайы. Баба басына барар жолды жаңарту, ауызсу мен электр желісін тарту жұмыстарын іске асыру керек. Міне, аудандағы киелі жерлерге сырт елдегі турис­терді тарту жұ­мыстарын ойластыру қажет.

Бұл дегеніміз – аудан эконо­ми­касы дамуының басты көзі. Жал­пы көлемі 494 гектар жерді құрай­тын «Қамбаш» демалыс ай­мағын құру жұмыстары жал­ғасын табуда. Қазір кәсіпкерлер де­малыс аймағына 104-ке жуық нысан салып, оған тиі­сін­­­ше 30 млн теңгеден аса ин­вес­­тиция құйы­лып отыр. Көл жағалауында катер, үрле­ме­лі қайық, катамаран, гидро­цикл сынды жүзу құрыл­ғы­­ла­ры тынығушыларға қыз­­­мет көрсетеді. Құрылыс жұ­­мыс­та­рына 350-ден астам жер­­гі­лік­ті жұмысшы тартылса, 108-ден астам адам маусымдық жұ­мыспен қамтылған. Жалпы, дема­лыс аймағына былтыр 89 мыңнан астам адам келген.

Соңғы үш жылда ауданға 62,2 млрд теңгеден астам ин­вес­тиция тартылды. Соның арқа­сында 33 мың­нан астам хал­қы бар Арал қала­сы толық газ­дандырылды. Жалпы саны 5 810 тұрғын үй мен 192 әлеу­мет­тік және кәсіпкерлік нысан көгілдір отынға қосылды. Ал биыл Жақсықылыш кентіне газ жүргізуге 389,3 млн теңге бөлі­ніп, жұмыс басталып кет­ті. Бұдан бөлек, 23,7 млрд тең­ге құрылыс жұмыстарына бө­­лін­ді. Оған әлеуметтік салада 8 мек­теп, 150 орынды орталық ауру­хана, коммуналдық бір­пә­тер­­лі 29 тұрғын үй, өрт сөндіру депосы, спорттық-сауықтыру кешені, сот ғимараты, 3 по­ли­ция бөлімшесі, «Арал» ком­­прессорлық стансасы, мәдениет үйі, «Рәміздер» алаңы, 4 ашық спорт алаңы, балаларға арналған 2 ойын алаңы салынды. Оған қоса, мемлекеттік-жекешелік әріп­тес­тік аясында қосымша 3 дәрігерлік амбулатория, 6 ме­­­дициналық пункт, 1 фельд­шер­лік-акушерлік пункт тұрғы­зыл­­ды.

Өңірлерді дамытудың 2020 жыл­­­ға дейінгі бағдарламасы ая­­­­­­сында қыруар жұмыс ат­қа­­­­­­рыл­ды. Мысалы, аудан­да­ғы 17 кондоминимум ны­сан­­­­дарға жөн­деу жұмысы жү­р­­гізіліп, Сек­сеуіл кен­ті, Аман­өткел, Қамыстыбас, Ши­жа­ға, Аралқұм, Бөген, Кон­ту ауылдарындағы сумен қам­ту жүйе­­лері жаңартылды. Құры­лыс мұнымен тоқталмай, 250 орынды Оқушылар үйі, Сек­се­уіл­дегі 40 төсектік аурухана мен №231 орта мектеп­ке қосымша 100 орынды оқу корпусы, Арал қала­сынан қат­­ты тұрмыстық қал­дықтарға арналған полигон, Сек­сеуіл мен Сазды ауылында био­тер­мия­лық шұң­қырлардың құры­лысы жүр­гі­зілуде.

 

Миуа БАЙНАЗАР,
Қызылорда облысы