Еуропалық байқаушылар келді
Еуропалық байқаушылар келді
99
оқылды
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшелері ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Сайлауды байқау жөніндегі шектеулі миссиясының байқаушыларымен кездесті. Еуропалық байқаушылар Нұр-Сұлтан қаласына жақында келді. ОСК төрағасы Берік Имашев миссия мүшелерін алдағы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Парламент депутаттары дода­сы­ның сайлауды жариялаудан бас­тап, партиялық тізімдерді тір­кеуге, үгіт-насихат жүргізуге жә­не дауыс беруге дейінгі негізгі кезең­дерімен қысқаша таныс­тырып өтті. ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құ­қықтары жөніндегі бюросының байқау­шылар миссиясының басшысы, елші Ярослав Мар­цин Домански Орт­сай­лауком бас­шылығына қа­былдағаны үшін алғысын біл­дірді және мис­сия­ның негізгі то­бына кірген тұл­ғаларды та­ныс­тырып өтті. Жүздесу кезінде тараптар бүкіл сайлау кезеңі барысында белсенді әрекеттесуге келісті. Кездесу қорытындысында жүз­­десушілер бұрыннан қалып­тасқан, ынтымақтастық пен ті­лек­тестікке құрылған дәстүрлі қа­рым-қатынастар Қазақ­стандағы 2021 жылғы Парламент Мәжілісі депу­таттарының сай­лауы кезінде жал­ғасын тауып, одан әрі дами­тынына сенім біл­дірді.

Елдос СЕНБАЙ