Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының мүшелері ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Сайлауды байқау жөніндегі шектеулі миссиясының байқаушыларымен кездесті. Еуропалық байқаушылар Нұр-Сұлтан қаласына жақында келді. ОСК төрағасы Берік Имашев миссия мүшелерін алдағы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін Парламент депутаттары додасының сайлауды жариялаудан бастап, партиялық тізімдерді тіркеуге, үгіт-насихат жүргізуге және дауыс беруге дейінгі негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырып өтті. ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының байқаушылар миссиясының басшысы, елші Ярослав Марцин Домански Ортсайлауком басшылығына қабылдағаны үшін алғысын білдірді және миссияның негізгі тобына кірген тұлғаларды таныстырып өтті. Жүздесу кезінде тараптар бүкіл сайлау кезеңі барысында белсенді әрекеттесуге келісті. Кездесу қорытындысында жүздесушілер бұрыннан қалыптасқан, ынтымақтастық пен тілектестікке құрылған дәстүрлі қарым-қатынастар Қазақстандағы 2021 жылғы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауы кезінде жалғасын тауып, одан әрі дамитынына сенім білдірді.
Елдос СЕНБАЙ