Q мен О-ны ажырата алмайтын «Сергек»
Q мен О-ны ажырата алмайтын «Сергек»
127
оқылды

Алматы тұрғыны «Сергек» камералары орнатылғалы пайда болған қиындықтарды айтып шағымданды. Ол «Сергек»  ка­мералары көлігінің нөмірін қате тіркеп жүр­генін жеткізді. Жазба әлеуметтік желіде жарияланды.

Осы мәселеге байланысты алматылық жүргізушіге басқа адамдардың айыппұлдары келеді екен. «Сергек» Q әрпін О әрпі деп таныған. Айыппұлда көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалу мүмкін емес. «Айыппұл келген сайын МАИ-ға барып, дәлелдеп отыруым керек пе? Айыппұл жазған адамның өзі Gelаndewagen мен ЗАЗ-ды ажырата алмай ма?» деп жазды алматылық тұрғын. Алматы қалалық Полиция департаменті «Сер­гекке» қатысты мәселені былай түсіндірді. «Күн сайын жүйе бірнеше мыңдаған айыппұлды автоматты түрде тіркейді, уәкілетті қызметкер олардың әрқайсысын тексеріп, ЭЦҚ қояды. Бұл жағдайда қате берілген айыппұл жойылады, базаға түзетулер енгізілді», – деді ведомствоның баспасөз қыз­метіндегілер. Жыл соңына дейін Алматыда тағы 362 «Сергек» орнату жос­парланған.

Барыс НҰРЛАН