Дәрі бағасын негізсіз көтергендер жазаланды
Дәрі бағасын негізсіз көтергендер жазаланды
137
оқылды

Алматыда «Nur Otan» партиялық бақылау комиссиясы жергілікті атқару органдарының өкілдерімен біріге отырып қаланың дәріханаларына мониторинг жүргізді.

Тексеру нәтижесінде кейбір дәрілік заттардың бағасы негізсіз көтерілгені анықталды. Мәселен, Наурызбай ауданында цианкоба­ламин дәрумені бекітілген баға­дан 30 пайызға қымбат болған. Ала­тау, Түрксіб аудандарында циклоферон мен амбробене 10 па­йызға қымбат сатылған. Анық­талған заңбұзушылықтар бойын­ша түсініктемелер жазылды. Хаттамалар құзырлы органдарға тапсырылды. – Бүгінде жұмыс сапары ба­рысында біз 3 ауданды араладық. Өкінішке қарай, 3 дәріханада дәрі бағасының негізсіз көтеріл­ге­нін анықтадық. Әсіресе, пан­демия ке­зінде мұндай қадамға ба­руға мүлде болмайды. Кәсіп­кер­лерге, дә­рі­хана иелеріне айып­пұл са­лы­натынын ескер­те­мін, – деді пар­тиялық бақылау комиссия­сы­ның инспекторы Ержан Жұмағұлов. Айта кету керек, Қазақстанда ДСМ жылына екі рет дәрілік заттардың көтерме және бөлшек сату бағасына шекті баға бекітеді.

Әбілмансұр ЖАСАН