Өтінішке қол қоюға мәжбүрлеген
Өтінішке қол қоюға мәжбүрлеген
151
оқылды

Павлодар облыстық «Nur Otan» партиясы филиалының мүшелеріне шаруалардың ұжымдық шағымы жайлы ақпарат берілді.

Өткізілген шара барысында «ВЕК-ПВ» ЖШС, «Шәріпов», «Сторожук», «Пшеничников» ша­руа қожалықтарының иелері Железин ауданының әкімдігінде ша­руа қожалықтарының бас­шы­ла­рына моральдық қысым көр­сеткені және оларды басқа заңды тұлғалардың пайдасына жер учас­келерінен бас тарту туралы өті­ніштерге қол қоюға мәжбүр­легені анықталды. Жұмыс тобы заң талаптарын елемеу және Железин ауданы басшылығы тарапынан тиісті бақылаудың болмауы халықтың наразылығы мен тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген се­німсіздігін тудырады деп са­найды. «Nur Otan»  партиясы мүше­ле­рінің қатысуымен өткен оты­рыс­та тағы бір мәселе қаралды. Железин ауданы әкімі аппара­тын­да ауылшаруашылық жер­ле­рінің мемлекеттік инспекто­ры­ның бос орны бар. Бұл мамандық иесінің міндетіне мемлекеттік бақылау, ауылшаруашылық жер­лерін пайдалану мен қорғау жұ­мыстары кіреді. Бірақ бұл мін­деттерді орындау аудан әкімі ап­па­ратының мемлекеттік заң бө­лі­мінің меңгерушісіне жүктел­гені белгілі болды. Ал бұл жұ­мыс­­ты мемлекеттік инспектор орындаса, мұндай олқы­лықтар туындамайтын еді. Жиында бұдан басқа да сыбайлас жемқорлыққа жақын бірқатар мәселе көтерілді. Жұ­мыс тобы Железин ауданы әкі­міне ұсыныстарын жеткізді. Оты­рыста олардың барлығы ке­­зең-кезеңімен іске асырыла­тыны айтылды.

Әбілмансұр ЖАСАН