Бітімгер
Бітімгер
216
оқылды

Тайталастық құр­сауы­нан – татуластық тұғырына. Ел­басы тәуелсіздік жыл­да­рында елдің еңсесін кө­­теріп, берекесін арт­ты­рып қана қоймай, алыс-жа­­қын мемлекеттер ара­сын­да туындаған түрлі қай­­шылықтарды шешіп оты­руға барын салды. Сырт­­тай қарағанда бұл бір­неше сәтті өткен келіс­сөз болуы мүмкін, алайда олар қаншама халықтың өмі­рін аман сақтап қалды.

Таулы Қарабақтағы қақтығыс, Тәжікстандағы азаматтық соғыс, Кашмир аймағы үшін Пәкістан мен Үндістан таласы, Ресей мен Гру­­зия арасындағы тамыз те­ке­ті­ресі, Қырғызстандағы саяси дағ­да­рыс, Түркия мен Ресей шие­ле­ні­сі, Сириядағы халықаралық ки­­­кілжің. Әлемнің әр бұры­шын­да­ғы бұл «ыстық нүктелердің» кей­бірінің толық шешілуіне, бас­қаларының уақытша тоқ­тауы­на Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назарбаев ық­­палын тигізді. Елбасының сәт­ті жүргізген келіссөздерінің нә­тижесінде жоғарыда аталған қақ­тығыстардағы бірнеше тарап бі­тімге келіп, ашық қарсылықты тоқ­татты.

Жалпы, батылдық, шешендік жә­не көсемдікпен қатар бей­біт­сүйгіш қасиеттер қазақтың Тұң­ғыш Президентінің бойына ата­ның қанымен, әженің тәрбие­сі­мен дарыса керек. Осы орайда Нұрсұлтан Әбішұлының өзі бала­лық шақтан есте қалған ұлағаты мол мынау оқиғаны еске түсіргені бар:

«Мен туардан көп бұрын-ақ біз­дің үйде әскери винтовка бо­лып­ты. Оны әкем Әбіштің туыс­та­рының бірі жазалаушы отряд­пен қақтығыста олжалаған екен. Бір­де әжем Мырзабала: «Бұл мыл­тық ағаларымызға ажал, бізге азап болып тиген. Қайғы жамап, сар­сылтқан. Енді сол қасірет ба­лаларымыздың басына да келсін дей­сіңдер ме? Кемеңгерліктің де, кі­сіліктің де өлшемі жаман­дық­ты жаныңа жолатпағаның. Ал жа­­дымыз өзімізбен бірге кетер» депті. Айтты, болды. Қарумен қош­­та­судың көне ырымын жасап, әкем винтовканы өкіметке өткі­зе­ді. Бірақ алты қырлы найзасын алып қалады», – дейді Елбасы.

 

Азалы да қаралы Қарабақ

Әр нәрсені ақылмен пайым­дап, сабырмен саралап, нақты ше­шімін таба білетін білікті бас­шы Н.Назарбаев Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Қа­ра­бақ шиеленісі кезіне халық­ара­лық бітімгер ретінде алғаш та­ныл­­ды. Қос кавказдық респуб­ли­ка арасындағы қанды қақтығыс Әзір­байжан жерінің 20 пайыздан астамын құрайтын, бірақ не­гізі­нен армяндар тұратын Таулы Қа­рабақ пен оған іргелес 7 ауданға 1988 жылы көршісі баса-көктеп кір­генде басталды. Салдарынан екі жақтан қашқан босқындар-дың жалпы саны миллионнан ас­ты. 1988-1994 жылдар аралы­ғын­­да өңірде 30 мың адам қаза тап­қан.

Бұл қақтығысқа Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті бейжай қа­рап отыра алмады. 1991 жылғы 17 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев Бо­рис Ельцин екеуі КСРО прези­денті М.Горбачевтің атына Үндеу жол­дады. Бұл құжат баспасөз мә­с­лихатында да жарияланды.

Осыдан кейін Қазақстан әзір­бай­жан-армян жанжалын басу­дың жолын іздеуге атсалысты. 1992 жылдың тамыз айында Ал­ма­тыда Таулы Қарабақ мәселесі бойынша үшжақты келіссөздер жүргізілді. Оған Әзірбайжанның, Ар­менияның, Қазақстанның Сыртқы істер министрлері қатыс­ты және ол әскери қақтығыстарды тоқтатудағы шешуші қадам бол­ды. Бұған кейіндері ЕҚЫҰ секілді халықаралық күштер де араласты. Ақыры 1994 жылы Таулы Қарабақ аумағында атысты тоқтату туралы келісім бекітілді.

2011 жылғы күзде Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевпен кездес­кен Әзірбайжан президенті Иль­хам Алиев көмек қолын созған Ел­басыға және қазақ еліне риза­шы­лығын білдірді:«Біз Таулы Қа­рабақ шиеленісін шешудегі ұс­танымы үшін Қазақстанға ри­за­мыз. Нұрсұлтан Әбішұлы осы мә­селені әрдайым назарда ұстап отыр және әлемдік лидерлермен маңызды кездесулерде оны кө­те­ріп жүр», – деді Ильхам Алиев.

 

Орталық Азия – мүдделер тоғысқан аймақ

Елбасының бітімге келтіру және бас біріктіру саясаты арқа­сын­да бұл өңір соғыс-қақтығыс атау­лыдан арылған, бейбіт өмір ләз­затына бөленген мекенге ай­на­лып келеді. Бірақ ширек ға­сыр­дай бұрын Бжезинский секілді ха­лықаралық беделді сарапшылар Қазақстан және осы аймақ өрттей лау­лаған үлкен соғыс ошағына ай­налып кететінін болжаған.

Бұл жорамал негізсіз де емес еді. Кеңес Одағы аймақта ға­сыр­лар бойы шиеленіскен ұлттық мә­­селелерді шешуге қауқарсыз бол­­ды. Оқиғаның бұлай өрбуіне әзір болмаған одақ билігі дәр­мен­сіз­дігін көрсетті, жағдайды бақы­лау­дан шығарып алды. 1989 жылы ұлтаралық қақтығыстар Ферға­на­да тұтанды. 1990 жылы өрт ошақ­тары Душанбеде, Ошта көрініс берді. Әсіресе, Ауғанстанмен шек­тескен Тәжікстанда ахуал өте күр­делі болатын. Небәрі 5,6 мил­лион халқы болған тәжік елі аза­мат­тық соғыс кезінде 300 мыңнан ас­там адамынан айырылды. Ал бо­сып кеткен адамдар саны 1,5 мил­­лионнан асқан.


Бұл қақтығысты тоқтатуға Ел­басы араласты. Бір жағы бұл алыс бол­са да көршінің міндеті, екін­ші жағы тәжік азамат соғысы Ор­талық Азияға шетелдік инвес­торлардың келуін тежеді. Кеңес дипломаты, сол кезде Тәжік­стан­дағы азаматтық соғысқа куә бол­ған Анатолий Адамишин «В раз­ные годы» атты кітабында Қа­­зақстанның Тұңғыш Пре­зи­ден­тінің бітімгершілік рөліне тоқ­­­тала кетеді. Оның естелігіне жү­­­гінсек, Н.Назарбаев қарсы­ла­су­шы тараптарды, соның ішін­де қарулы топтар коман­дир­лерін ке­ліссөз үстеліне отырып, мәсе­ле­ні диалог жолымен саяси рет­теу­ге шақырды.


Мемлекеттің ірі қалаларында май­данға бергісіз шайқастар жүр­ді. Радикалды қарулы оппо­зи­ция­ға Эмомали Рахмон жетекшілік ет­кен «Тәжікстанның халықтық май­­­даны» қарсы тұрды. Жеңіске жет­­кен оны 1994 жылы халық жаңа президент етіп сайлады. Алай­­да қарсылас ымыраға жы­ғы­ла қоймады.

Бұл қақтығысты тоқтатуға Ел­басы араласты. Бір жағы бұл алыс бол­са да көршінің міндеті, екін­ші жағы тәжік азамат соғысы Ор­талық Азияға шетелдік инвес­торлардың келуін тежеді. Кеңес дипломаты, сол кезде Тәжік­стан­дағы азаматтық соғысқа куә бол­ған Анатолий Адамишин «В раз­ные годы» атты кітабында Қа­­зақстанның Тұңғыш Пре­зи­ден­тінің бітімгершілік рөліне тоқ­­­тала кетеді. Оның естелігіне жү­­­гінсек, Н.Назарбаев қарсы­ла­су­шы тараптарды, соның ішін­де қарулы топтар коман­дир­лерін ке­ліссөз үстеліне отырып, мәсе­ле­ні диалог жолымен саяси рет­теу­ге шақырды. Алайда Душанбе «қолын қанға малғандармен ке­ліс­сөз жүргізуге болмайтынын» ай­тып, үзілді-кесілді қарсы шық­қан. Үнемі дегеніне жететін Н.Назарбаев Э.Рахмонды келіссөзді бастауға көн­діреді. Тіпті, қатаң сөз айтуы­на да тура келеді. Нәтижесінде, Тә­жікстан өкіметі алғаш рет оп­позициямен диалогты бастауға келісті». Сонымен, бір-біріне қару кезенген тараптарды бітімге ша­қыру үшін Алматыда келіс­сөз­дер өтті. Оны ұйымдастырудың ба­сы-қасында қазіргі Мемлекет бас­шысы, сол кезде Сыртқы істер ми­нистрлігі басшылығында бол­ған Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүр­гені мәлім.

Ақыры 1997 жылғы 27 мау­сым­­да жеті жылға созылған аза­маттық соғыс түпкілікті аяқталды: та­раптар Мәскеуде Бейбітшілік пен ұлттық келісім орнату туралы келісімге қол қойды. Оппозиция өкілдері Эмомали Рахмонның іс ба­сындағы үкіметінің құрамына кір­ді. Ал қазақстандық бітім­гер­шіл жауынгерлер 90-жылдары Тә­жікстанның Ауғанстанмен ара­дағы шекарасының бүтіндігін сақтауға көмектесті.


Біртуған елдегі бейбітшілік

2000 жылдардың ортасы­нан бастап іргедегі қырғыз елінде сая­си процестер қарқынды жүрді. Оп­позиция ресми биліктің сая­сатына қарсы шығып, жұртты алаң­­ға жинады. Митинг, акция, пи­­кет Бішкек орталығында қа­лып­­ты жағдайға айналды. Би­ліктен тайдырылған Асқар Ақаев­тың тағдыры оның орнына келген Құр­манбек Бәкиевке де төнді. Оңтүстік және солтүстік деп бө­лін­ген бір елдің ішкі қақтығысы қыр­ғыз ағайынның бірін-бірі қан­ға бөгу қаупі туындады. Бұл жо­лы да Елбасы біртуған бауыр­дың басындағы ауыр жағдайға бей­жай қарай алмады. Саяси дағ­дарыстың қалай алдын алғанын Тұң­ғыш Президент 2017 жылғы 16 наурызда еліміздегі жетекші ақ­парат құралдарына берген сұх­батында жария етті:

– 2010 жылдың сәуірінде көр­ші Қырғызстанда басталған үкі­метке қарсы бас көтерулер мен шеру­лер 7 сәуірде революцияға ұла­сып, заңды сайланған прези­ден­ті орнынан құлатылғанда, іргедегі елдегі бұл оқиғаларға бейжай қарап отыра алмадық. Мен сонда қырғыз елінде азамат­тық соғыс болмасын деп, Бәкиев­ті (орнынан кеткен президенті Құр­манбек Бәкиевті) Қырғыз­стан­нан алып кеттім. Себебі оның төңірегінде мұздай қару­лан­ған, үлкен даярлықтан өткен әс­кери топ болатын. Олар «Біш­кек­те барлығын қиратамыз» деп қаһарланып, дайын тұрды. Бұл ретте бізге Қырғызстан басшы­лы­ғынан Бәкиевті алып кетуді сұра­ған өтініш түсті, ол қолхат қо­лы­мызда бар. Содан кейін әске­ри­лерімізді және арнайы ұшақтарды жіберіп, Бәкиевті Қырғызстаннан алып шықтым. Осы арқылы көр­ші елді тыныштандырдық, – деді Елбасы.

Орталық Азия елдеріндегі түр­лі оқиғалар тарихтың тар өт­кe­лiндe бiрлiктeн қалған жұрттың тiр­л­iктeн дe үмiтi үзiлeтiнiн ашып көр­сeттi. Ағайын арасына азабы алыс­қа ұзар араздықтың сына бо­лып қағылғанынан қиыны жоқ. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев ел­дерді бірлікке ша­қыр­ды. Орталық Азиядағы трансше­кара­лық өзендер, шешілмеген шекара, миграция, контрабанда, терро­ризм секілді күрмеуі қиын түйт­кіл­дерді тарқатуға өзінің зор үле­сін қосты. Оның төте жолы ай­мақтық интеграция екенін ерте түсініп, өңірдегі бірнеше одақтың құрылуына мұрындық болды.

 

Қос өркениет қақтығысын тоқтатты

Түрік бауырларда Osmanlı-Rus savaşları деген ұғым бар. Бұл сонау 1299 жылы Осман Ғази Осман им­периясының негізін қалағалы жә­не 1283 жылы ІІІ Иван Мос­ко­вия (Руссия) княздығын құрғалы бергі екеуінің арасындағы барлық со­ғысты біріктіретін атау. ХХ ға­сыр­да ол Кавказға иелік ету жо­лын­­дағы орыс-түрік соғысына ұлас­ты.

Дәл осы ислам және православ өркениеттерінің жаңа қақтығысы ХХІ ғасырда да орын ала жаздады. 2015 жылдың 24 қарашасында Түр­кия өзінің әуе кеңістігін бұз­ған, Ресей Әскери-әуе күштерінің Сириядағы авиациялық тобына кіретін Су-24М әскери ұшағын зы­мыранмен атып түсірді. Бұған ресейліктердің осы аймақтағы түркітілдес халықтарды бомбалай беруі себеп болған. Бомбалаушы ұшақ экипажы катапультация жа­сап үлгереді. Алайда оларды си­риялық қарулы оппозиция жер­­ден атқылап, салдарынан эки­­паж командирі О.Пешков қа­за тапты. Қалғандарын құтқару опе­рациясы кезінде көтерілісші­лер қайтадан атқылап, Ми–8 тікұша­ғын жойып жібереді, оның ішіндегі тағы бір ресейлік әскери А.Позынич мерт болды.

Бұл әрекет Ресейде қуатты қар­­сылық пен наразылық туғыз­ды. Екі ел қатынасы күрт нашар­ла­ды. В.Путин Түркияға қарсы қа­таң экономикалық және саяси санкциялар енгізді. Путин де, Ердоған да өз елінің барлық күш құрылымы басшыларын жиып, қауіпсіздік мәселелері жөніндегі шұғыл кеңес өткізді. Ақпарат құ­рал­дары ХХ ғасырда «қырғи-қа­бақ соғыс» аяқталғалы Ресей мен НАТО алғаш рет қарулы қақтығыс қарсаңында тұрғанын жариялады.

– Оқиға орын алған алғашқы күн­нен бастап-ақ мен тәжікелес­кен тараптарды қалай дағдарыс­тан алып шығуға болады деп көп ой­ландым, жағдайды ақыл тара­зы­сына салдым. Кремльмен де, дәл солай Ақсараймен де тығыз байланыс ұстадым. 2016 жылдың алғашқы жартысында Түркия және Ресей президенттерімен жиі сөй­лесіп, белсенді түрде оларды та­туласуға шақырдым. Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қа­тынасты қалыпқа келтіру үшін алғашқы шешуші қадамдар менің ті­келей қатысуыммен 16 маусым­да Санкт-Петерборда, одан кейін 24 маусымда Ташкентте ШЫҰ сам­миті кезінде басталды, – деп ес­ке алады Елбасы «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында.


Нәтижесінде, Қазақстанның Тұң­ғыш Президентінің араағайын­­ды­ғымен 2016 жылы 27 маусымда Р.Ердоғанның жолдауы Путинге та­быс етілді.

«Владимир Путин хатты мұ­қият оқыды. Ашығын айтқанда, оның алғашқы көңіл райы көп үміт күттіретіндей болған жоқ. Ол ма­ған бұл қадамды құптамай­ты­нын түсіндіре бастады. Сонда мен оған былай дедім: «Владимир Вла­димирович, Ердоған сізге қо­лын ұсынды, оны құп алыңыз!». Біздің қалыптан тыс, ерекше күш жұмсауымыздың арқасында Түркия мен Ресей президент­тері­нің арасында тікелей байланысты қалыпқа келтіру мүмкін болды», – ­дейді Н.Назарбаев.

Түркиялық Karar газеті басты бе­тінде: «Түркі әлемінің ақсақалы іске кірісті де, Ресеймен қарым-қа­­тынастағы мұзды ерітті» деп ма­­қ­ала жариялады. Р.Ердоған 2016 жылғы 30 маусымда телефон­мен әңгіме кезінде екі мемлекет ара­сын­дағы қарым-қатынасты қал­пына келтіруге қосқан үлесі үшін Елбасыға алғыс білдірді. В.Путин де халықаралық жиын-кез­десу­лерде Н.Назарбаевқа ри­зашылы­ғын әлденеше рет қай­та­лады.

Алыптарды табыстырған «Астана процесі»

Әлемдік саясатта 2017 жылы «Ас­тана процесі» жаңа ұғымы ай­налымға енді. Ол диалог алаңы ғана емес, сондай-ақ Си­рия­ны бейбіт өмірге оралтуға пәр­менді ықпал еткен, өз ква­зи­мемлекетін құруға дейін ша­рық­таған ха­лық­аралық терроризмді тоқтатып, жойқын соққы беруге жол ашқан құралға айналды.

2011 жылдан бері жалғасқан, 370 мыңдай адамның өліміне, 6,6 мил­лион жанның бар мал-мүл­кін тас­тап, бас сауғалап, Еуропа­ға дейін босып кетуіне соқ­тырған со­ғысты реттеуге Ба­тыс та күш сал­ды. Осылайша, БҰҰ қол­дауы­мен «Женева проце­сі» жүрді. Алай­да ол тұйыққа тірел­ген. Өйт­кені майдан дала­сын­да ұрыс сал­ған дала коман­дир­лері Еуро­па­да­ғы Женеваға барудан бас тар­тады.

Өз кезегінде бітімгерлік тәжі­ри­бесі зор Қазақстанның Тұңғыш Президенті Сирия мәселесін реттеу жөніндегі халықаралық кез­десуге Қазақстанның бас қа­ласын ұсынды. Халықаралық сарап­шылар «Астана процесі» деп ата­ған бұл кездесу алғаш рет 2017 жыл­ғы 23 қаңтарда өтті. Осы­­­­лай­ша, бірінші рет Ресей, Түркия, Иран ресми дел­е­гация­лары сыр­тын­да Сирияның ресми билігі мен қарулы оппозициясы өкіл­дері келіссөз үстеліне отырды.

Астананың диалог алаңы ре­тін­дегі рөлі барлық тарапты – га­рант елдерді де (Ресей Түркия, Иран), бақылаушыларды да (БҰҰ, АҚШ, Иордания), Сирия­ны да (үкімет және әскери оппо­зи­ция) қанағаттандырды.

Содан бері келіссөздердің 13 раун­ды өтіпті. Нәтижесінде, ке­піл­гер үш мемлекет – Түркия, Ре­сей және Иран Сириядағы 4 деэскалация аймағын құрып, оларды лаңкес атаулыдан ада етті. Бұл қадам жүз мыңдаған адамның аман қалуына жағдай жасады. Сондай-ақ бірлескен қауіпсіздікті бақылаушы күштер құрды. Одақ­тастардың күш біріктіруі арқа­сында Сирияның үкіметтік күш­тері ДАИШ террористерінің не­гізгі күшін талқандады. Бұл елде ұзақ жыл күрдтердің одақтасы ретінде әрекет етіп келген АҚШ «Астана процесі» келіссөздерінде көп айтылған байламға тоқтап, өзінің ары қарай қала беруі орын­сыз екенін түсініп, таяуда Си­рия­д­ан өз әскерін шығарды.


Шешілуі тиіс көршілер кикілжіңі

2019 жылғы 12 қарашада өт­кен Astana Club бесінші отыры­сын­да Тұңғыш Президент Н.Назарбаев әлемде араздасқан өзге көр­шілерді табыстырар бір­не­ше халықаралық бастамасын жа­рия ет­кені мәлім. Мәселен, Ко­рей тү­бе­­­гін­дегі жағдайды түбе­гей­лі рет­­теу мақсатында ол БҰҰ Қауіп­сіз­дік кеңесінің барлық мү­шесін Солтүстік Кореяға қауіп­сіздіктің пәрменді кепілдіктерін әзірлеп ұсынуға шақырды. Бұдан бөлек, Нұр­сұлтан Назарбаев Украи­на­ның оңтүстік-шығы­сындағы қақ­тығысты бейбіт реттеу үшін Вла­димир Путин мен Владимир Зе­ленский Қазақстанда жеке кез­десіп, келіссөз жүргізуді ұсынды. Еліміздің Тұңғыш Пре­зиденті «бет­пе-бет» форматындағы кез­десуге В.Зеленскийдің келісімін ал­ғанын және бұл жайында В.Путинге хабарлағанын мәлім­деді. Жалпы, республикамыз 2014-2015 жылдардан бері ук­раи­налық ушыққан дағдарыстың дұрыс ше­­шім табуына атсалысып келеді. Алдын ала қолға алынған шаралар арқасында 2014 жылғы тамызда Минскіде жоғары дең­гей­­дегі кез­десу өткізілді (Кеден одағы – Украина – ЕО) және ал­ғашқы Минск келісіміне қол қойылд­ы.

Елбасының бітімгерлік жо­лын­да келер ұрпақтар алар тағы­лым толып жатыр. Ол тәжірибеге талай қажеттілік туары даусыз.

Нұрсұлтан Назарбаев Төле би ба­ба айтқандай, жер бетінде «шы­ғын тапқан елді емес, тыным тап­­қан елді» көру үшін, адам­дар­дың шаңырағы күйреп, аңырауы кө­беймеуі үшін бар күш-жігерін мә­мілегерлік істерге, бітімшіл бас­тамаларға бағыттап, адам­зат­тық ізгі іске ғұмырын арнап ке­леді.