Абаев: Ержан Максимді қолдайық!
Абаев: Ержан Максимді қолдайық!
171
оқылды

Дәурен Абаев Junior Eurovision ән байқауында Ержан Максимді қолдауға шақырды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында әншіге дауыс беріп, қолдайық деген ойымен бөлісті.

«Өзім Ержан Максимге міндетті түрде дауыс беремін. Халықты талантты әншіні қолдауға шақырамын. Ел болып қолдасақ, Ержан байқауда жеңіске жете алады», – деді Дәурен Абаев.