Павлодарда тауарды жеңілдікпен сатқан дүкен иесін жауапқа тартты
Павлодарда тауарды жеңілдікпен сатқан дүкен иесін жауапқа тартты
103
оқылды

Ұзынсонар кезектің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Видеоның Павлодарда түсірілгені белгілі болды.

Дүкен иесі киім-кешекті 500 теңгеден жеңілдікпен сатқан. Арзан бағаға қызыққан жұрттың көптігінен дүкенде кезек күткендер көшеге шығып кеткен. Карантин талабын сақтамаған. Дүкен иесіне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Айыбы дәлелденіп жатса, кәсіпкер 640 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін.

Павлодар қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Александр Сафяников: «Бұл бейнежазбаны көріп, бірден оқиға орнына тәртіп сақшыларын жібердік. Фото, видео дәлел ретінде тіркелді. Дүкен иесіне карантин талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалды», – деді.