Төрт жылда бір рет өтетін жазғы Олимпиада жақындап келеді.
Беларусь президенті Александр Лукашенко спортшылар мен жаттықтырушылар, спорт саласына жауапты басшылармен кеңес өткізді. Беларусь мемлекетінің имиджі жөнінде өткен жиында президент спортшылар мен жаттықтырушыларға қатаң талап қойды. Жиын соңында «Токио Олимпиадасында жүлде алмасаңдар, елге келмей-ақ қойыңдар!» — деп кесіп айтты.